Елімізде ЖКО саны азайғанымен, автожолдар әлі де қауіп деңгейі жоғары аймақ болып қалып отыр
Елімізде адам өліміне әкелетін жол-көлік оқиғаларының саны азайғанымен, автожолдар әлі де қауіп деңгейі жоғары аймақ болып қалып отыр. Бас прокуратураның мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандар саны 15 пайыздан астамға, ал зардап шеккендер саны 6 пайызға қысқарған. Соған қарамастан, ведомство өкілдері жолдағы жағдайды толықтай қауіпсіз деп бағаламайды.




