Елімізде жеке сот орындаушыларына шағым көбейіп отыр
Алименттен өңдірілген ақшаны қалтасына басқан. Елімізде жеке сот орындаушыларына шағым көбейіп отыр. Бұны Парламент қабырғасында Әділет Минстірі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді. Борышкерлердін мүлкін тәркілеп, шоттарына құлып салатындар тым өктемшіл болып барады дейді министр. Бірақ, оларды сабасына түсіріп, лайықты жазаға тартатын заң әзірге жоқ. Тек лицензиясынан айыру қарастырылған. Сот орындаушылар ақшасы көп, пайдасы мол істерді таңдап алатын көрінеді. Ал, әлеуметке маңызы бар құжаттарға көңіл бөлмейді екен. Саладағы заңсыздық қалай тыйылады?