Елімізде жасөспірімдер арасында «оңай олжа табу» тренді белең алып келеді
Елімізде жасөспірімдер арасында «оңай олжа табу» тренді белең алып келеді. Алайда бұл әрекеттің арты үлкен қылмысқа жетелеуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі еліміздің жас тұрғындарына ескерту жасап, өз аттарына тіркелген SIM-карталар мен әлеуметтік желідегі аккаунттарды үшінші тұлғаларға бермеуді сұрайды. Ведомствоның мәліметінше, жастар белгілі бір сыйақы үшін өз атына нөмірлер ашып, профильдер тіркейді. Кейіннен алаяқтар бұл деректерді халықты алдап, тақырға отырғызу үшін пайдаланады.



