14.03.2026 05:44
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Елімізде жаңа эпидемиялық маусымға дайындық басталды

  • 29 августа, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 8

Елімізде жаңа эпидемиялық маусымға дайындық басталды. Бас санитар дәрігер Сархат Бейсенова 2025-2026 жылдарға арналған тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар және коронавирустық маусымды алдын алу бойынша қаулыға қол қойды. Құжат аясында бірнеше санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарланған. Мәселен, 15-ші қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүреді. Қостанай облысы бойынша міндетті екпені 80 мың азамат алады деп күтілуде. Ал, 1-ші қазаннан еліміздің барлық медициналық ұйымдарында дәрігерлер үшін маскалық рижим күшіне енеді.