Елімізде жұмыссыздық бойынша төлем тағайындау мерзімі алты айдан төрт айға дейін өзгеруі мүмкін
Елімізде жұмыссыздық бойынша төлем тағайындау мерзімі алты айдан төрт айға дейін өзгеруі мүмкін. Бұдан бөлек, азаматтар төрт күн ішінде емес, он күнде екі қолға бір күрек таппаса жұмыссыз ретінде танылады. Тиісті жаңашылдықтар туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі хабарлады. Сондай-ақ, Асқарбек Ертаев ең төменгі жалақы мөлшерінің көтерілуіне қатысты пікір білдірді.



