Елімізде қыз алып қашу деректері әлі де тыйылар емес
Елімізде қыз алып қашу деректері әлі де тыйылар емес. Еске салайық, бұл әрекет түрі қыркүйек айында Қылмыстық кодекске енгізіліп, қатаң жаза қарастырылған болатын. Соған қарамастан, кейбір азаматтар заңды елемей, бұрынғы әдетін жалғастыруда. Тіпті қалыңдық бұл әрекетке қарсы болмаса да, қылмыскер жауапкершіліктен босатылмайды және бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



