14.03.2026 15:33
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Елімізде тауарларға үстемақыны асыра қосатын саудагерлер қатары көбейген

  • 26 марта, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 7

Елімізде тауарларға үстемақыны асыра қосатын саудагерлер қатары көбейген. Кейбірі QR немесе карта арқылы жасалатын төлемге үстемақы қосуды шығарған. Сондай-ақ кәсіпкерлер салықтан жалтару үшін тұрғындардан қолма-қол ақша сұратады екен. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бұндай жайттарды тыйю үшін заңды күшейтіп, айыппұлды өсірді. 13-наурыз күні қабылданған құжат әлеуметтік маңызы бар тауарларды да қамтыды. Енді кәсіп иелері май, ұн, қант және тағы басқа маңызды тауарларға үстемақыны 15 пайыздан асырса, 100 мың теңге айыппұл төлейді.