Елімізде такси жүргізушілері зейнетақы жарнасы мен міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін енді азайтып төлей алады
Елімізде такси жүргізушілері зейнетақы жарнасы мен міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін енді азайтып төлей алады. Ол үшін тек қана төмендетілген салық мөлшерлемесіне көшу қажет. Айта кетейік, бұндай қызметті тек арнайы платформалар арқылы қызмет ететін такси жүргізушілері қолдана алады. Бұған қоса төмендетілген салық режимі арқылы жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер салық төлемдері бойынша есеп тапсырмайды. Өйткені платформа барлығын өзі жасайды. Тақырыпты толығырақ әріптесім баяндайды.