Елімізде төрт мыңнан астам адам ағза алмастыру кезегінде тұр
Елімізде төрт мыңнан астам адам ағза алмастыру кезегінде тұр. Олардың, жүзге жуығы бала. Дәрігерлердің сөзінше, қажетті донор табылмағандықтан жүзден астам адам отаға жетпей өмірмен қоштастып жатады. Бұған, донор тапшылығы мен мәйіттік донорлықтың дамымауы себеп болып отыр.