Елімізде тұрғын үй реформасы қызу талқыға түсіп жатыр
Елімізде тұрғын үй реформасы қызу талқыға түсіп жатыр. Бүгінде пәтер иелерінің төмен белсенділігі үлкен мәселеге айналуда. Үйлерді қай жүйе арқылы басқару шешімін қабылдау барған сайын қиынға соғып келеді. Сонымен қатар, жаңа түзетулер үй басқарушыларна қосымша міндеттер жүктейді: енді олар тек шаруашылық жұмыстарымен айналысып қана қоймай, тұрмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу ісіне де қатысуы тиіс. Бұған дейін бұл функцияны әдетте учаскелік полицейлер атқаратын.



