25.12.2025 08:47
Қазақ Қазақ
USD 511
EUR 602.72
RUB 6.49
Жаңалықтар

Елімізде шағын және микробизнесті қолдауға бағытталған «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылады

  • 25 декабря, 2025
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 2

Елімізде шағын және микробизнесті қолдауға бағытталған «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылады. Жаңа бастама моно қалалар мен шағын елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек. Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге 200 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие ұсынылады. Қаржыландыру ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, шағын наубайханалар, жиһаз өндіру цехтары, сүт және ет жартылай фабрикаттарын шығару саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге бағытталған.