Елімізде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізімі іске қосылады
Елімізде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізімі іске қосылады. Осылайша, мемлекет Қазақстанда жасалған тауарлар тізімін ортақ жүйеге тіркеп, заңсыз кәсіпкерлікке тосқауыл қоймақ. Себебі, елде сырттан келген тауарларды отандық өнім деп дүкендер мен сауда орындарында сататындар көбейген. Құжатты мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.