30.04.2025 13:20
Қазақ Қазақ
USD 512.32
EUR 582.92
RUB 6.29
Жаңалықтар

Елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірегей дерекқоры іске қосылды

  • 30 апреля, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

«Батырларға тағызым». Елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірегей дерекқоры іске қосылды. Онлайн-порталда қазір 677 мыңнан астам қазақстандық майдангердің мәліметі жиналған. Тағы 375 анкета қаралымда жатыр. Портал қажетті ақпаратты табуға ғана емес, сонымен қатар ардагердің есімін,фото суретін және қай жерден майданға аттанған мәліметін жүктеуге мүмкіндік береді. Бұған дейін батыр бабаларымыздын деректері ТМД елдеріне ортақ «Халық естелігі» сайтында сақталған болатын. Жүйе арқылы мыңдаған қазақстандық із-түссіз жоғалған ата-бабаларын тапқан. Қостанайлық Өскеновтар әулиеті солардың бірі.