Елімізде ескі үлгідегі 5 мың теңгелік банкнотты қолдану мерзімі ұзартылды
Елімізде ескі үлгідегі 5 мың теңгелік банкнотты қолдану мерзімі ұзартылды. Яғни, 2011 жылы басылып шыққан 5 мыңдық қағаз ақшалар жаңа үлгідегі банкноттармен 2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін сауда айналымында қатар жүреді. Бұл мерзім аяқталған соң ескілерін жаңасына айырбастау қажет. Себебі кейін дүкен мен сауда нүктелерінде олар төлем ретінде қабылданбайтын болады. Ескі банкноттарды тұрғындар қайда барып айырбастай алады? Қағаз ақшаларды айырбастау ережелері қандай?