Елімізде ескерткіш қоюға қатысты талап күшейді
Елімізде ескерткіш қоюға қатысты талап күшейді. Енді екінің бірі атасының атына тарихи көк тас қоя алмайды. Мәдениет және ақпарат министрлігі монументтерге қатысты заңға бірқатар өзгерту енгізді. Жаңа ереже бойынша көрнекті тұлғаға бюст қою үшін қайтыс болғанынан кейін кемінде 5 жыл өтуі тиіс. Алайда, қаһармандық пен ерлік танытқан және мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға айтарлықтай ерен үлес қосқан жандарға бұл заң қолданылмайды. Сондай-ақ, ескерткіштер қоғамдық орындарға ғана орнатылады. Ведомство тағы қандай талаптар енгізді?