Елімізде есірткі қылмысымен айналысқан 60-қа жуық жасөспірім ұсталды
Елімізде есірткі қылмысымен айналысқан 60-қа жуық жасөспірім ұсталды. «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ІІМ есірткі айналымына қатысты құқықбұзушылықтарды анықтау және оларды алдын алу бағытында белсенді жұмыстарды жалғастырып келеді. Ерекше назар жасөспірімдер мен жастар арасындағы профилактикалық шараларға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды есірткі қылмысына тарту мәселелеріне аударылуда.



