Елімізде еңбек нарығындағы қызмет көрсету жүйесі толықтай цифрланды
Елімізде еңбек нарығындағы қызмет көрсету жүйесі толықтай цифрланды. Енді жұмыс іздеген азаматтар үйден шықпай-ақ ресми есепке тұрып, әлеуметтік төлемдерге жүгіне алады. Сондай-ақ, мемлекет уақытша бос орындар мен жастарға арналған арнайы жобаларды ұсынып отыр. Мәселен, Лисаков қаласында жүздеген бос жұмыс орны бар, тіпті денсаулық жағдайына байланысты ерекше күтімді қажет ететін жандарға да арнайы квоталар бөлінген.



