Елімізде дүкен сөрелеріндегі қазақстандық тауарлардың үлесін арттыруға бағытталған жаңа қағидаттар күшіне енді
Отандық өнімге – оңтайлы орын. Елімізде дүкен сөрелеріндегі қазақстандық тауарлардың үлесін арттыруға бағытталған жаңа қағидаттар күшіне енді. Енді жергілікті өнімдер көзден таса қалмай, ең көрнекті жерлерге қойылуы тиіс. Алайда, бағаны ауыздықтау үшін енгізілген 15 пайыздық шектеу мен делдалдарға қарсы күрес кәсіпкерлер арасында үлкен пікірталас тудырып отыр. Логистика шығыны бағаға қосылмаса, тауар тапшылығы туындамай ма?





