Елімізде биылдан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары қадағалана бастайды
Үш айда 100 аударым жасалса, шотыңыз тексеріледі. Елімізде биылдан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары қадағалана бастайды. Көлеңкелі бизнестің жолын кесу үшін салық органдары осындай қадамға барып отыр. Айта кетейік, өткен жылдары бұл әдіс мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлеге қолданылған болатын. Бұдан бөлек, қаржы министірлігі онлайн айналымның соммасын да бақылауға алмақ. 3 айда аударым 255 мың теңгеден асса, салық органдары бұндай тұлғаларды да тексереді.