Елімізде ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі сәтті өтіп жатыр
Елімізде ауыл шаруашылығы санағының онлайн кезеңі сәтті өтіп жатыр.
Алғашқы күннен бастап облыстың ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қожалықтары белсенді қатысуда. «Sanaq.gov.kz» сайтында екі түрлі сауалнама нұсқасы ұсынылған. Біріншісі кәсіпорындар, фермерлік және шаруа қожалықтары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшін арналған. Екіншісі — жер телімі бар немесе мал өсіретін үй шаруашылықтарына арналған.