Елімізде қаңтар айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды
Елімізде қаңтар айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Сынақ тесті 10 ақпанға дейін жалғасады. Облыс бойынша емтиханға қатысуға 5 мыңға жуық өтініш түскен. Қатысушылар үш міндетті екі бейіндік пәннен тұратын 120 тапсырманы орындайды. Ең жоғары нәтиже — 140 балл. Биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды. Ал тестілеудің алғашқы күні талап бұзушылықтар анықталып отыр.



