Елімізде 5-ші сәуірден бастап қос дөңгелекті темір тұлпарларға қатысты жаңа заң күшіне енбек
Скутер мен мопедтер механикалық көліктерге теңестіріледі. Елімізде 5-ші сәуірден бастап қос дөңгелекті темір тұлпарларға қатысты жаңа заң күшіне енбек. Енді оларды басқару үшін жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік тіркеу нөмірін алу қажет. Мамандар бұл заң нормасы жол көлік оқиғасын азайтады деп топшылап отыр. Өйткені мопед айдайтындардың көбі жолда жүру қағидаларын білмей, жиі оқыс жағдайларға түсіп жатады екен.