Елімізде 19-шы шілдеден бастап бірегей QR-код жүйесі іске қосылады
Елімізде 19-шы шілдеден бастап бірегей QR-код жүйесі іске қосылады. Яғни бір айдан кейін ел тұрғындары қолма-қол ақшасыз төлем жасаудын жаңа түріне ие болмақ. Бұл жоба былтырдан бері әзірленіп, бірнеше кезеңнен өткен болатын. Дегенмен, жаңашылдықпен бірге бірқатар сұрақтар да туындап отыр. Мәселен, клиенттер үшін қолданыстағы бонустар мен кэшбэк бағдарламалары сақтала ма? Сондай-ақ жаңа жүйе кәсіпкерлердің жұмысына қалай әсер етеді және төлем қабылдау шарттарында қандай өзгерістер болады?



