25.08.2026 03:02
Қазақ Қазақ
USD 457.99
EUR 534.15
RUB 5.47
Жаңалықтар

Елі­мізде «Газбаллон» республикалық акциясы өтіп жатыр

  • 4 декабря, 2025
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 12

Елі­мізде «Газбаллон» республикалық акциясы өтіп жатыр. 1–5 желтоқсан аралығында төтеншеліктер мен газ қызметінің мамандары тұрғын үйлерді аралап, газбаллон жабдығын пайдалану тәртібін тексермек. Рейд барысында талапқа сай емес құрылғылар және тұрғындардың қауіпсіздікке қатысты жиі жіберетін олқылықтары анықталатын болады. Акцияның алғашқы үш күнінде Қостанай қаласында 230 үй араланды.