Елімізде «Газбаллон» республикалық акциясы өтіп жатыр
Елімізде «Газбаллон» республикалық акциясы өтіп жатыр. 1–5 желтоқсан аралығында төтеншеліктер мен газ қызметінің мамандары тұрғын үйлерді аралап, газбаллон жабдығын пайдалану тәртібін тексермек. Рейд барысында талапқа сай емес құрылғылар және тұрғындардың қауіпсіздікке қатысты жиі жіберетін олқылықтары анықталатын болады. Акцияның алғашқы үш күнінде Қостанай қаласында 230 үй араланды.



