Елде шетелден әкелінген жұмыртқа импортына тыйым салынуы мүмкін
Елде шетелден әкелінген жұмыртқа импортына тыйым салынуы мүмкін. Қазір жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы тастаған өтінішті Ауыл шаруашылығы министрлігі қарастырып жатыр. Ол мақұлданса алты айға дейінгі мерзімде дүкен сөрелерінен импортталған өнім алынып тасталады. Бастама жергілікті өндірушілердің қорғау мақсатында қолға алынған.