Депутат Серік Ерубаев көлікті қыздырғаны үшін айыппұл салу туралы заңды қайта қарауды ұсынды
ҚР Парламентінің жалпы отырысында депутат Серік Ерубаев көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салу туралы заңды қайта қарауды ұсынды. Оның айтуынша, бұл заң нормасы негізсіз айыппұлға әкеп соқтырып, ең алдымен көлік иелері мен шағын кәсіпкерлерге зиян келтіруде. Әлеуметтік желілерде кейбір аймақтарда қыс қатты болатындықтан, 5 минуттық уақыттың аз екендігін айтқан пікірлер артуда. Мәжіліс депутаттары бұл мәселеге түзетулер енгізуді қажет деп санайды.