Денисов ауданының Фрунзе ауылында су жаңа балабақша ашылды
Денисов ауданының Фрунзе ауылында су жаңа балабақша ашылды. Заманауи құралдармен жабдықталған нысан 65 балаға шақталған. Мұнда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің жан жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Ойын бөлмелері, сыныптар, кең ас үй мен медицина кабинеті бар.



