Құбырдан аққан лас судың кесірінен бұқараның тұрмысы айтарылықтай қиындаған
Құм аралас суды қашанға дейін тұтына береміз? Береке шағын ауданы тұрғындары даулы мәселені қайта көтерді. Құбырдан аққан лас судың кесірінен бұқараның тұрмысы айтарылықтай қиындаған. Ас дайындап, жуыну үшін қараша қазір дүкенен су сатып алып жүр. Шағын аудан тұрғындары Қостанай-Су коммуналдық кәсіпорнының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар көкейдегі сауалдарын қойып, жауаптылардан нақты шешім талап етті.



