Былтыр желтоқсанда жалын шарпыған Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылындағы баспана бүгін қайта жаңғырды, бірақ тұрғындар үшін қиындық әлі аяқталған жоқ
Былтыр желтоқсанда жалын шарпыған Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылындағы баспана бүгін қайта жаңғырды, бірақ тұрғындар үшін қиындық әлі аяқталған жоқ. Үйдің негізгі құрылысы мемлекет есебінен аяқталып, коммуналдық желілерді ғимаратқа дейін жеткізу қолға алынғанымен, пәтер ішін жөндеу мен жиһаз-техника алу — иелерінің өз қалтасына түсетін салмақ. Әсіресе көпбалалы отбасыларға қаржылай жүк ауыр тиіп отыр.



