Былтыр қара күзде Қостанай-2 шағын ауданындағы жеке сектор аймағындағы үйлерді жер асты сулары басып қалған болатын
Былтыр қара күзде Қостанай-2 шағын ауданындағы жеке сектор аймағындағы үйлерді жер асты сулары басып қалған болатын. Сол уақытта 11 аула суы сорғытылған еді. Бұл аумақ көктем келе ушығып кетті. Одан бөлек Тобыл өзені арнасынан асып бір-қатар жеке секторлар топан су астында қалып ,үйлер жарамсыз күйге түсті. Келер жылы жағдай қайталанбасы үшін, әкімдік қызметкерлері ерте қамданбақ. Бұл жайында әкідік қабырғасында өткен жиында мәлім болды.