Биылғы жылы облыс жолдарында жол қозғалысы ережелерін бұзудың жеті мыңнан астам жағдайы тіркелген
Биылғы жылы облыс жолдарында жол қозғалысы ережелерін бұзудың жеті мыңнан астам жағдайы тіркелген. Құқықбұзушылықты полицияның патрульдік машиналарында орнатылған автоматты аппараттар анықтайды. Тәртіп сақшыларының сөзінше, көбінесе, жүргізушілер жылдамдықты шектен тыс асырып жатады. Ал жасырын патрульдеу енгізілгеннен бері темір тұлпар тізгіндегендер жылдамдық режимін сақтауға үйренген.