15.03.2026 00:04
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Биыл Қостанайда тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін 1300-ден астам адам жауапқа тартылды

  • 27 ноября, 2024
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 13

Биыл Қостанайда тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін 1300-ден астам адам жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлері өткен жылмен салыстырғанда әйелдерге қатысты қылмыстардың саны азайғанын атап өтеді. Бұл, үйдегі агрессорлардың қауіпті әрекеттерін алдын ала болдырмауға бағытталған шаралардың көбейгендігінің нәтижесі. Зорлық-зомбылықпен күресуде қандай әдістер қолданылып жатқаны туралы қала полицейлері республикалық ұзақ мерзімді акцияның басталуын айтып, еске салды.