Биыл Қостанайда 30 мың шаршы метрден астам жаңа көгал төселіп, 630-дан аса көшет отырғызылды
Биыл Қостанайда 30 мың шаршы метрден астам жаңа көгал төселіп, 630-дан аса көшет отырғызылды. Енді жазда атқарылған жұмыстың нәтижесін қыста да сақтап қалу міндеті тұр.
Қалалық әкімдікте өткен жиналыста «Таза Қазақстан» науқанының қорытындысы айтылды.
Шаһар басшысы коммуналдық қызметтерге қысқы маусымға алдын ала қамдануды тапсырды. Әсіресе көктайғаққа қарсы реагенттерді пайдалану мен қар тазалау кезінде жасыл желекке зиян келтірмеуді қатаң бақылауға алуды талап етті.



