Биыл қан доноры болуға қойылатын талаптар күшейтілді
Биыл қан доноры болуға қойылатын талаптар күшейтілді. Енді қан орталықтарының мамандары медициналық ұйымдардың ақпараттық базаларындағы мәліметтерді тексеріп, донорлардың денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат ала алады. Соның нәтижесінде қан тапсыруға келген әрбір үшінші адам донорлықтан шеттетіліп жатыр. Ал қан компоненттеріне деген сұраныс екі есе артқан. Донорларды іріктеу тәртібі не үшін қатаңдатылды? Жаңа талаптар қан тапшылығына әкелген жоқ па?



