Бір жыл бұрын қолданысқа берілген әлеметтік үйлерде әлі күнге дейін көгілдір отын жоқ
Газ берілмей жатыр. Қостанай қаласының Береке шағын ауданы тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Бір жыл бұрын қолданысқа берілген әлеметтік үйлерде әлі күнге дейін көгілдір отын жоқ. Қордаланған мәселеге газ құбырын тартқан мердігер кінәлі екен. Ол жасаған жұмыс жэайындағы құжаттарды тапсырмаған. Соның кесірінен тұрғындар тоқ арқылы ас әзірлеп жүрген. Бұдан бөлек, жаңадан бой көтерген үйде басқа да бірқатар кемшіліктер бар.