Бет-әлпетін тұмшалағандар қатаң ескерту алады
Бет-әлпетін тұмшалағандар қатаң ескерту алады. Елімізде никаб не балаклава сынды киім киетін азаматтармен түсіндірме жұмыстары күшейтілді. Құқық қорғау органдарының тәжірибесі көрсеткендей, кейде адамдар қылмыс жасаған кезде өз жүзін жасыру арқылы жауапкершіліктен құтылады. Полиция қызметкерлері қандай жағдайда бұл әрекетке тыйым салынатынын және қандай жағдайларда бетті жасыруға болатынын еске салды.



