Берекедегі мектептің берекесі қашты
Берекедегі мектептің берекесі қашты. Шағын ауданда 2021 жылдан бері салынып келе жатқан 980 орындық мектептің есігі әлі ашылған жоқ. Тұрғындар бірнеше жыл бойы уәденің орындалуын күтуде, ал балалар күн сайын басқа мектептерге қатынап оқуға мәжбүр. Жауапты органдар мердігер ауысқанын, құрылыс биыл тапсырылатынын айтса да, нақты мерзім әлі белгісіз. Айта кетейік, тек Берекеде ғана емес, облыс бойынша бірнеше мектептің құрылысы созбалаң жағдайда.



