Береке шағын ауданындағы көптен күткен мектеп құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлануда
Береке шағын ауданындағы көптен күткен мектеп құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлануда. Еске сала кетейік, білім ордасының құрылысы 2021 жылы басталған еді. Өйткені бұл аумақта оқушы орындарының тапшылығы сезіледі, ал қарқынды дамып жатқан шағын аудан үшін, жаңа мектеп аса қажет.Алғашында, нысанды 2023 жылы пайдалануға беру көзделген болатын. Алайда құрылысқа жауапты мердігер бөлінген қаражатты толық игермей, өз міндетін тиісінше атқармаған. Соның салдарынан құрылыс тоқтап қалды.