20.01.2026 10:05
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Береке шағын ауданы тұрғындары қордаланған даулы мәселені қайта көтерді

  • 20 января, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Су құбырларында ақау бар! Береке шағын ауданы тұрғындары қордаланған даулы мәселені қайта көтерді. Пәтер иелері су құбырларында жарық бар екеніне сенміді. Алайда бұл уәжді жауапты «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорны жоққа шығарып, қазіргі таңда құбырларды шаю жұмыстарымен ғана шектеліп отыр. Естеріңізге сала кетейік, Береке шағын ауданы тұрғындарының бұл мәселемен күресіп келе жатқанына жарты жылдай уақыт болды. Дегенмен түйткілдің түйіні шешілмей отыр.Салдарынан қарашаның кір жуғыш машиналары, су жылытқыштары мен өзге де тұрмыстық техникалары істен шығып, жұртты қосымша қаржылай шығынға батыруда.