Балалардың терезелерден құлау мәселесі өзекті болып қалуда
Балалардың терезелерден құлау мәселесі өзекті болып қалуда. Биыл осындай 11 жазатайым оқиға тіркелді, оның үшеуі ең қайғылы нәтижемен аяқталды. Қостанай кәсіпкерлер палатасы жанындағы құрылыс мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысында осындай фактілердің алдын алу мәселесін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен бизнес-қоғамдастық өкілдері талқылады. Нәтижесінде жиналғандар терезелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету оларды орнату кезінде де, жаңа ғимараттар тұрғызу кезінде де міндетті шарт болуы керек деген қорытындыға келді.