29.12.2025 12:44
Қазақ Қазақ
USD 504.6
EUR 594.27
RUB 6.48
Жаңалықтар

«Балалар ғажайыпқа сенсін»

  • 29 декабря, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

«Балалар ғажайыпқа сенсін» деген атаумен Лисаков қаласында Әйел-көшбасшылар клубының бастамасымен жыл сайынғы қайырымдылық аукционы өтті. Биыл бұл игі шара бесінші рет ұйымдастырылып, оған бизнес өкілдері, кәсіпкерлер, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қала басшылығы қатысты. Аукцион барысында жиналған барлық қаражат әлеуметтік осал топтағы балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуға және Лисаков қаласының кішкентай тұрғынының еміне бағытталатын болады.