Бүгінгі таңда облыс орталығындағы мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй жылу есептегіш құралдарымен жабдықталған
Бүгінгі таңда облыс орталығындағы мыңнан астам көпқабатты тұрғын үй жылу есептегіш құралдарымен жабдықталған. Олардың бір бөлігі деректерді автоматты түрде беру жүйесіне қосылып үлгерді. Сонымен қатар, жылыту маусымы кезіндегі ауа райының өзгеруіне байланысты тұтыну көлемін оңтайландыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған реттеу жүйелері енгізілуде. Заманауи «ақылды» жабдықтар тек тұрғын үйлерде ғана емес, сонымен қатар білім беру мекемелері мен өндіріс орындарында да орнатылуда. Облыс әкімі Қостанайдағы жаңадан бой көтерген тұрғын үй кешендерінің біріне барып, цифрлық технологиялардың жұмыс істеу барысымен танысты.



