Бүгінде киік келтірген залал үшін ешқандай өтемақы қарастырылмаған
Бүгінде киік келтірген залал үшін ешқандай өтемақы қарастырылмаған. Сондықтан қостанайлық фермерлер билікке 5 нақты ұсыныс дайындады. Олардың ішінде: егістікті киік зиянынан сақтандыру, бюджеттен арнайы қаржы бөлу және егінді қорғаудың халықаралық әдістеріне рұқсат беру мәселелері бар. Тіпті, табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін қасқырды атуға тыйым салуды да алға тартып отыр.



