07.07.2026 17:13
Қазақ Қазақ
USD 472.03
EUR 540.29
RUB 6.11
Жаңалықтар

Қазір облыста қоқысты қайта өңдеумен айналысатын оннан астам кәсіпорын бар

  • 5 июня, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 6

Бүгінде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, кәдеге жарату- экологиялық қана емес, экономикалық тиімділігі жоғары салаға айналуда. Әсіресе, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде бұл бағытқа ерекше серпін берілді. Қазір облыста қоқысты қайта өңдеумен айналысатын оннан астам кәсіпорын бар. Олар пластик пен қағаздан бастап, тозған автомобиль шиналарына дейін екінші өмір сыйлайды.