15.04.2026 09:35
Қазақ Қазақ
USD 476.97
EUR 562.59
RUB 6.27
Жаңалықтар

Азия чемпионы Надежда Рябец Қостанайға жеңіспен оралды

  • 15 апреля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Азия чемпионы Надежда Рябец Қостанайға жеңіспен оралды. Топ жарған жерлесімізді әуежайда ата-анасы, туыс-туғандары және спорт айналасында жүрген жандар күтіп алды. Еске сала кетейік, былғары қолғап шебері Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өткен Азия чемпионатында 80 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп, көк тумызды желбіреткен еді. Финалда ол өзбекстандық Рухшона Парпиевамен қолғап түйістіріп, айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын.