«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, биыл экстремалды су тасқынына әкелетін алғышарттар байқалмайды
«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, биыл экстремалды су тасқынына әкелетін алғышарттар байқалмайды. Маңызды гидрометеорологиялық көрсеткіштер қала үлкен сумен бетпе-бет келген 2024 жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
Дегенмен, қала билігі мен төтенше жағдайлар қызметі сақтық шараларын күшейтуде. Ықтимал су басу жағдайларына жедел әрекет ету штабы өткен жылғыдай Қостанай-2 ауданында орналасатын болды.





