29.05.2026 10:01
Қазақ Қазақ
USD 485.55
EUR 563.38
RUB 6.81
Жаңалықтар

Қазақстандық жүк тасмалдаушылар жаңа талапқа наразы болып отыр

  • 29 мая, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 2

Қазақстандық жүк тасмалдаушылар жаңа талапқа наразы болып отыр. Елде 1 маусымнан бастап бұл сала толықтай цифрлық бақылауға көшеді. Жаңа ереже бойынша, салмағы 3 жарым тоннадан асатын ауыр жүк көліктерінің әрбір рейсі арнайы электронды жүйеде тіркелуі тиіс. Яғни, бұған дейін қағаз жүзінде толтырылып келген жол парағы мен тауар-көлік жүкқұжаты енді міндетті түрде арнайы платформаға енгізіледі. Көлік министрлігі бұл қадам «көлеңкелі» нарықты жойып, құжат айналымын реттейді десе, рөлдегі ағайын жаңа ережеге түпкілікті қарсы. Олар «интернетсіз далада қаламыз, жұмысымыз тоқтайды» деп алаңдаулы.