25.11.2026 10:21
Қазақ Қазақ
USD 458.28
EUR 501.45
RUB 5.59
Жаңалықтар

Қазақстанда жыл басынан бері ұрлық жасағаны үшін 9 мыңнан астам адам ұсталды

  • 25 ноября, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 2

Қазақстанда жыл басынан бері ұрлық жасағаны үшін 9 мыңнан астам адам ұсталды. Сонымен қатар осы уақыт аралығында полиция бөтеннің мүлкін жымқырумен айналысқан 1200-ден астам қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойған. Дегенмен Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде ұрлық деректерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға жуық төмендеген. Бұл туралы, сондай-ақ қаскөйлердің тұрғын үйлерге қалай кіріп, ұрлық жасайтыны жөнінде ведомство өкілдері толығырақ айтып берді.