24.08.2026 23:07
Қазақ Қазақ
USD 457.99
EUR 534.15
RUB 5.47
Жаңалықтар

Қазақстанда теміржол вокзалдарын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр

  • 9 февраля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 10

Қазақстанда теміржол вокзалдарын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жобаның тізіміне 124 нысан кірген, соның ішінде Аманқарағай станциясы да бар. Бүгін осы жерде қайта құру жобасы аяқталды. Құрылысы 65 жылға жуық тарихы бар вокзал тек толықтай жаңартылып қана қоймай, кеңейтілді. Жаңа стандарттарға сәйкес ана мен балаға арналған бөлме, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретханалар жабдықталды, сондай-ақ персонал үшін қолайлы жұмыс жағдайлары жасалды.